Өндіріс

Күкірт қышқылы химия өнеркәсбінің негізгі ірі тоннажды өнімдері санатына жатады. Күкірт қышқылының дүниежүзілік өндірісі соңғы бес жылда 20%-ға өскен (2007 жылы 200 млн т. асты).
 003.jpg  
  • Химиялық формуласы - H2SO4
  • Салыс. молек. масса - 62.03 м. а. б.
  • Молярлық масса - 98.078 г/моль
  • Балқу температурасы - 10,38 °C
  • Қайнау температурасы- 279,6 °C
  • Заттың тығыздығы - 1,8356 г/см3
  • Ерігіштік – барлық қатынаста араласады г/100 мл
  • Күйі (қал.жағ) – түссіз, майлы, иіссіз сұйықтық.

  • process.jpg

    Жаңа құрылғы әрекеттегі «СТКХК» ЖШС күкірт қышқылы өндірісінің өндірістік алаңдарында сол кәсіпорынның әрекеттегі инфрақұрылымын (күкірт және дайын өнімдер қоймалары, т.ж. жолдарынан шикізатты шығару торабы, су айналымы циклі, химсутазарту, ілеспе газдарды тазартуды орнату, авто және т.ж. жолдары, әкімшілік-тұрмыстық мекемелер мен асхана сияқты қолда бар және қазіргі уақытта өз күшіндегі ғимараттар мен жабдықтар) қолдана отырып орналастырылған. Ол жобаның жалпы құнының арзан болуына ықпал етті.

    Кесек күкірттен күкірт қышқылын алу өндірісінде қолданылатын технология заманауи және тиімді болып табылады – шикізаттың мақсатты өнімге ауысуы 93%-ға жетеді. Ал технология экология тұрғысынан қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылады.

    Күкірт қышқылы өндірісін негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

  • Кесек күкіртті қоймаға қабылдау және қоймада орналастыру;
  • Үйінді ретінде сақтау және кесек күкіртті ауыстыру;
  • Кесек күкіртті балқыту, фильтрлеу және пештің жанарғысына жеткізу;
  • Құрғақ ауаны алу және пеште сұйық күкіртті жағып, SO2 алу (күкіртті ангидрид);
  • Ванадийлі катализаторда SО2-ні  SО3-ке катализдік конверсиялау;
  • SО3 абсорбциясы және күкірт қышқылын алу;
  • Күкірт қышқылын тауарлық концентрацияға дейін сұйылтып, қоймаға жөнелту;
  • Дайын өнімді қоймада сақтап, тұтынушыға жіберу.